Сәкен Майғазиев "Демпартия" белсендісін сотқа берді

Сәкен Майғазиев "Демпартия" белсендісін сотқа берді

Сәкен Майғазиев "Демпартия" белсендісін сотқа берді
ашық дереккөзі

Шымкент қалалық мәдениет үйінің жетекшісі, әнші Сәкен Майғазиев тіркелмеген партия - "Қазақстанның демократиялық партиясының" белсендісі Аружан Дүйсебаеваны сотқа берді. Әнші белсендіні "ар-намысқа тиіп, қорлады" деп айыптап отыр. Ал белсенді "595 млн теңгенің есебін сұрағаным үшін істі болдым, әншінің ары таза болса, соттасқанша халық алдында есеп берсін" дейді, деп хабарлайды azattyq.org.

Аружан Дүйсебаева шағымға наурыз бен сәуір айларында Youtube арнасында шыққан екі видео түрткі болғанын айтады. Онда "Шымкентте наурыз тойына бөлінді делінген 595 миллион теңгенің дауы" жөнінде айтылады. Бұл іс бойынша алғашқы сот тыңдауы 15 шілдеде басталмақ. 14 шілде күнгі баспасөз жиынында Аружан Дүйсебаева өзіне тағылған айыптармен келіспейтінін жеткізді.
– Егер Майғазиевтің шынымен ары таза болса, жемқорлыққа қатысым жоқ десе, неге халықтың алдына шығып, өзінің ұстанымын айтпайды? Мына қаржы мынаған кетті, мынаған жұмсалды деп неге түсіндірмейді. Ол неге egov сайтындағы құжаттарды жоққа шығарады? Журналистер, зерттеушілер барлығы нақты фактімен көрсетті емес пе, – деді ол.
Осыған дейін "Шымкентте Наурыз мерекесін тойлауға бюджеттен 595 млн теңге бөлінгені" жайлы ақпарат тарап, қоғамда дау туғызған. Шымкент қаласының әкімдігі ақпаратты жоққа шығарды. Бұған дейін Азаттық тілшісіне берген сұхбатында қалалық мәдениет үйінің жетекшісі Сәкен Майғазиев "Наурыз шараларына ары кеткенде 180 миллион теңгенің ары жақ, бері жағындағы ақша жұмсалды. 565 миллион теңге емес" деп мәлімдеген. Ол "тексеру жұмыстары жүргізіліп, олқылық табылмады" деген болатын. Дегенмен мемлекеттік сатып алу сайты дерегіне қарағанда, наурыз мерекесіне орай деген атауы бар келісім-шарт сомалары 180 млн теңгеден анағұрлым көп.