Жаңалықтар

4 қалада карантин күшейді

ашық дереккөзі

4 қалада карантин күшейді

Премьер-министр Нұр-Сұлтан, Шымкент, Қарағанды және Атырау облыстарында карантинді күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды Казинформбюро. Бұл туралы Премьер-министр Асқар Мамин ел аумағында коронавирус инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізгенде айтты. Еліміздің 4 қаласында республикадағы сырқаттану пен өлім-жітімнің 55 пайызы тіркеліп отыр. Үкімет басшысы өңірлердің әкімдіктеріне, орталық мемлекеттік органдарға денсаулық сақтау жүйесінің ресурстарын жұмылдыру, оның ішінде резервтік төсек-орындарды, дәрі-дәрмектерді, жеке қорғаныш құралдарын, медициналық жабдықтар мен кадрларды қамтамасыз ету бойынша барлық шараларды қабылдауды тапсырды. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек жұмысына ерекше назар аудару керегін де атап өтті. Премьер-министр өңір басшыларына, әсіресе Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында вакциналау қарқынын күшейтуді де тапсырды.