Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстанда қысқамерзімді демалыста болады
Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстанда қысқамерзімді демалыста болады
Мемлекет басшысы 13-16 шілде аралығында төрт күндік қысқамерзімді демалыста болады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік парақшасында жазды.
"Қасым-Жомарт Кемелұлы демалысын еліміздің ең көрікті жерлерінің бірі – Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы аумағында өткізіп жатыр. Президент елордаға сенбі күні оралады", - деді Берік Уәли.