Жаңалықтар

Жыл басынан бері 9 мыңға жуық қандас елге оралды

ашық дереккөзі

Жыл басынан бері 9 мыңға жуық қандас елге оралды

Қазақстанда жыл басынан бері 8 867 адам тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше,  1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 79,2 мың этникалық қазақ оралған. Биыл жыл басынанҚазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы, яғни 75,5 пайызы Өзбекстаннан, 10,4 пайызы ҚХР-дан, 7 пайызы Түрікменстаннан, 2,5 пайызы Моңғолиядан және 4,5 пайызы басқа елдерден келген. Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (29,9 пайызы), Түркістан (14,5 пайызы), Маңғыстау (18,7 пайызы) және Жамбыл (8 пайызы) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (10,7 пайызы) қаласына қоныстанды. 1 шілдедегі жағдай бойынша, еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны - 55,5 пайыз, еңбекке қабілетті жастан кішілер - 25,3 пайыз және зейнеткерлер - 19,2 пайыз. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 10,9 пайызының жоғары, 39,3 пайызының орта кәсіби, 45,9 пайызының жалпы орта білімі бар және 3,9пайызының білімі жоқ.