Жаңалықтар

Тәткеев тұрғызған үйдің тұрғындары толарсақтан саз кешіп жүр

ашық дереккөзі

Тәткеев тұрғызған үйдің тұрғындары толарсақтан саз кешіп жүр

2020 жылғы 8 қыркүйек айында Ақмола облысы Целиноград ауданының Қосшы ауылында 70 пәтерлі тұрғын үй (7 секция) пайдалануға берілген. Жаңа пәтердің кілтін тапсыру салтанатты рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Малғаждар Тәткеев, аудан басшылары және тұрғындар қатысқан. Бірақ жапан түзде жалғыз өскен терек секілді жалғыз өзі қалқайып тұрған құрылыстың маңында әзірге ештеңе жоқ.