Әбсаттар қажы Дербісәлі жансақтау бөлімінде жатыр

Әбсаттар қажы Дербісәлі жансақтау бөлімінде жатыр

Әбсаттар қажы Дербісәлі жансақтау бөлімінде жатыр
ашық дереккөзі

Әбсаттар қажы Дербісәлі жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Мүфтиятты он жылдан астам басқарған, ғұмырын білім мен ғылымға арнаған Әбсаттар қажы Дербісәлі ауыр хәлде жансақтау бөліміне түсіпті... «Достан – дұға» дегендей, Алладан шипа тілеп қойсаңыздар. Алла Тағала барша науқас жандардың дертіне шипа бергей. Сынақты сәттен аман-есен өтуді нәсіп еткей», деп жазылған Ағабек Қонарбайұлының фейсбуктегі жазбасында.