Жаңатаста пәтерден өрт шығып, бес адам эвакуацияланды

Жаңатаста пәтерден өрт шығып, бес адам эвакуацияланды

Жаңатаста пәтерден өрт шығып, бес адам эвакуацияланды
ашық дереккөзі
Жамбыл облысы Жаңатас қаласында көппәтерлі тұрғын үйдегі өрт сөндіріліп, 5 адам қауіпсіз жерге көшірілді. 13 шілдеде Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің «101» телефон нөміріне Сарысу ауданы Жанатас қаласы 4 шағын ауданыныңдағы көпқабатты тұрғын үйдің жанында тал және тұрмыстық заттар өртенгені жөнінде хабарлама келіп түскен.  width= Оқиға орнына Жаңатас қаласы №16 өрт сөндіру бөлімінен өрт сөндіру техникасы мен 3 адам шыққан. Бұл туралы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады. «Оқиға орнына жеткен от жауынгерлері өрттің көпқабатты тұрғынүй пәтерінің балконына таралғанын анықтап, жедел түрде өрт сөндіру жұмысына кірісті. Нәтижесінде өрттің пәтер ішіне таралуының алдын алған. Оқиға орнынан 5 адам қауіпсіз орынға көшірілді» делінген ведомство хабарламасында. Өрттен зардап шеккендер жоқ. Өрт аумағы 40 шаршы метрді құрады. Қазіргу уақытта тілсіз жаудың шығу себебі анықталып жатыр.