«Анасынан ажырап қалған»: полицейлер жағалауда жоғалған баланы тапты

Шардара полициясына Жетісай ауданының тұрғыны қоңырау шалып, Шардара су қоймасының «Алтын жағажай» демалыс орнының жағалауында жүрген 6 жасар баласының жоғалғанын айтып, көмек сұрады.

Шардара ауданының учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Бақытжан Нұртазаев жоғалған баланы табу үшін барлық іздестіру жұмысын жүргізді. Учаскелік полицейге басқа да әріптестері көмекке келді.

Олар баланың су жағалауында жоғалғанын ескеріп, уақыт өткізбестен жағалаудың маңын тінти бастайды. Нәтижесінде 6 жасар бүлдіршінді Жетісай ауданына шығатын жолдың бойынан табады.

Бала ойнап жүріп анасынан ажырап қалған. Содан адасып жағалаудан 7 шақырым жерге дейін алыстап кеткен. Қазіргі таңда бала ата-анасына аман-есен қайтарылды. Баласымен қауышқан ата-ана тәртіп сақшыларына алғысын жеткізді.

Back to top button