«Тозақта өмір сүрдім»: күйеуінен қорлық көрген көпбалалы әйел өзіне қол жұмсаған

«Тозақта өмір сүрдім»: күйеуінен қорлық көрген көпбалалы әйел өзіне қол жұмсаған

«Тозақта өмір сүрдім»: күйеуінен қорлық көрген көпбалалы әйел өзіне қол жұмсаған
ашық дереккөзі
Шымкентте көпбалалы ана күйеуінен көрген зорлықтың кесірінен өзіне қол жұмсамақ болды, - деп жазды vera.kz. Порталға берген сұхбатында 31 жастағы Гүлмира "жеті жыл бойы тозақта өмір сүргенін" айтты. Еүйеуінен көрген зәбірге шыдамай әйел өзіне қол жұмсамақ та болған, алайда оны құтқарып қалған. Ауруханадан шыққаннан кейін Гүлмира дағдарыс орталығына түсіп, бесінші баласын туады. "Бұл менің екінші некем. Үлкен қызым бірінші некемнен. Жеті жылда екінші күйеуімнен төрт қыз тудым. Ол жұмыс істемейтін, ішімдікке салынып, марихуанамен әуестенетін. Ата-анасының зейнетақысына өмір сүрді. Үйге мас болып келіп, үнемі мені ұрып, зорлайтын, бәрі балалардың, ата-анасының көзінше болатын. Мен жолын табуға тырыстым, алайда ішімдік пен есірткі жеңіп кетіп жүрді. Сау кезінде балаларды алып, қыдырып келетін, сол кезде балаларым бақытты екенін байқайтынмын. Оларға әкенің орнын баса алмаймын деп жүрдім. Балаларымның бақытты кезі мен оның "бәрі жақсы болатыны туралы" уәделері үшін шыдап келдім. Бірақ апта қол жұмсаумен басталып, ұрып-соғумен бітетін, солай өмір сүре бердім", - дейді ол.
2019 жылы Гүлмира ажырасып, Сарыағаштағы әкесіне кеткен. Әкесі оған қолдау көрсетіп, қызы күйеуіне қайтып бармайтынын айтқан. Бірақ бұрынғы күйеуі кешірім сұрап келіп, ішімдік және есірткіге деген тәуелдігінен айырылғанын айтып сендірген. Алайда жарты жылдан кейін қайтадан қол көтере бастаған. Бірде әйел адам ешкім қажет емес екенін түсініп, өзіне қол жұмсамақ болған. "15 желтоқсанда отбасымызбен моншаға бардық, сол кезде мені елдің алдында кемсіте бастады. Оған балалар да, мен де ұнамайтынмын. Сол кезде ешкімге керек емес екенімізді түсінгендей болдым. Парацетамол алдым, сосын енемнің қан қысымына арналған дәрілері болатын. Бірнешеуін ішіп, есімнен танып қалдым. Қызым Нұрсезім 103-ке хабарласып, менің жағдайымды түсіндіріп, қайда тұратынымызды айтыпты. Мені аурухана алып келіп, асқазанымды тазалады", - дейді Гүлмира.