Вакцина алғандар арасында 1 млн теңге ойнатылады

Атырауда сауда орталығы вакцина алғандар арасында 1 млн теңгенің ұтыс ойынын өткізеді.

Бұған дейін Атырауда вакцина салдырған он адам 200 мың теңгенің сертификатын ұтып алған еді. Енді «Baizaar» сауда ойын-сауық орталығының әкімшілігі 1 миллион теңгенің ұтыс ойынын өткізуге ұйғарым жасап отыр.

Ұтыс ойыны 1 шілде мен 1 қыркүйек аралығында өтеді. Оған қатысу үшін сауда орталығындағы вакциналау бекетінде вакцина алу қажет. Содан кейін қатысушының толтырған купонының екінші бөлігі арнайы лототронға салынады.

«Ұтыс ойынына осы сауда орталығында вакцина алған тұрғындар ғана қатысады. Ал, 1 млн теңгелік қаржылай жүлденің иегері 1 қыркүйекте @baizaar_mall инстаграм парақшасында тікелей эфирде анықталады», – дейді сауда ойын-сауық орталығының әкімшілігі.

Back to top button