9 жасар баласын қарияға тастап кеткен әйел табылды

9 жасар баласын қарияға тастап кеткен әйел табылды

9 жасар баласын қарияға тастап кеткен әйел табылды
ашық дереккөзі
Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, 12 шілдеде Есіл аудандық полиция бөліміне 72 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, 26 жастағы немересін іздеуге көмек көрсетуді сұраған. «Зейнеткердің айтуынша, немересін тұрғылықты мекенжайы бойынша таппаған және телефон қоңырауларына жауап бермейді. Өзімен бірге тұратын 9 жасар шөбересі де анасының жоқтығына алаңдаулы екенін айтқан. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде келесі күні таңертең әйел көрші ауылдан табылды», – деді ведомстводан. «Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде жалға берілетін пәтерлерді, оңалту орталықтарын тексеруге, қаңғыбастықпен айналысатын адамдарды суретке түсіруге және дактилоскопиялауға, басқа қаладан келген көлікті және автостоппен жүретін адамдарды тексеруге көп көңіл бөлінді», – деп толықтырды полиция.