Олимпиада: Қазақстан құрамасы сапында өзгеріс болды

Олимпиада: Қазақстан құрамасы сапында өзгеріс болды

Олимпиада: Қазақстан құрамасы сапында өзгеріс болды
ашық дереккөзі
Олимпиада ойындары қарсаңында стенд атудан Қазақстан әйелдер құрамасы сапында өзгеріс болды. Бұл туралы prosports.kz сайты хабарлайды. Трап сайысы бойынша Олимпиада жолдамасын жеңіп алған Сәрсенкүл Рысбекова Әсем Орынбайдың орнына барады. Бұған қоса ол скитте бақ сынайды. Бұл жайлы халықаралық спорттық ату федерациясының ресми сайтында жазылған. Сондай ақ, Олимпиадаға скит жарысы бойынша Зоя Кравченко қатысады. Ал оқ атудан екі жолдаманы Юлия Юркова иеленді.