Жаңалықтар

Тағы бір қандасымыз Еңбек сіңірген ұстаз атағымен марапатталды

ашық дереккөзі

Тағы бір қандасымыз Еңбек сіңірген ұстаз атағымен марапатталды

“Моңғол еліне Еңбек сіңірген ұстаз” құрметті атағымен Баян-Өлгей аймағының Жалпы білім беретін №1  мектептің аға ұстазы Қатира Қалиқызы марапатталды. Бұл туралы KAZNEWS порталы жариялады. Бұл марапаттты Ғұн империясына 2230 жыл, Ұлы Моңғол мемлекетіне 815 жыл, Ұлт азаттық қозғалысына 110 жыл, Моңғол Халық революциясының төңкерісіне 100 жыл, Демократиялық қозғалысқа 32 жыл толуына орай Моңғолия Президенті У.Хүрэлсүхтің Жарлығымен білім, денсаулық, ауыл шаруашылығы және мәдениет саласында абыройлы қызмет атқарған 5 азаматқа «Моңғол еліне еңбек сіңірген қайраткер» атағы берілді. Соның бірі - баянөлгейлік қандасымыз Қатира Қалиқызы.