500 жас ғалымға халықаралық тағылымдамадан өтуге грант бөлінді

500 жас ғалымға халықаралық тағылымдамадан өтуге грант бөлінді

500 жас ғалымға халықаралық тағылымдамадан өтуге грант бөлінді
ашық дереккөзі
«Жас ғалым» жобасы аясында 1000 жас маманға грант бөлу үшін 3 млрд теңге бөлінетін болды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында ғылым саласын дамыту бойынша нақты тапсырма берді. «Үкіметке жыл сайын әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында 500 ғалымның тағылымдамадан өтуін қамтамасыз етуді, сондай-ақ, «Жас ғалым» жобасы аясында зерттеу жүргізу үшін 1000 грант бөлуді тапсырамын», - деген болатын Президент. Берік Уәлидің дерегінше, бүгінде аталған екі тапсырма да орындалып отыр. «Әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағлымдамадан өту үшін ғалымдарға бөлінген 500 грантты, сондай-ақ, «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдарға арналған 1000 грантты қаржыландыру механизмдері анықталды. Ғалымдарға тағлымдамадан өтуге бөлінген 500 грантты қаржыландыру үшін 1,35 млрд теңге көлемінде бюджеттік өтінім қабылданды», - деп жазылған Президенттің баспасөз хатшысы ұсынған мәліметте. Сондай-ақ, тағлымдамадан өту ережелері пысықталып, үміткерлерді іріктеудің талаптары әзірлені, тағылмдамадан өткісі келетін 1000 жас ғалымның мәліметтер қоры жасақталғаны да айтылған Ал «Жас ғалым» жобасы аясында байқауды қаржыландыруға 3 млрд теңге бөлу мақұлданған.