«Қазақстан» телеарнасы жүргізушілерге кастинг жариялайды

«Қазақстан» телеарнасы жүргізушілерге кастинг жариялайды

«Қазақстан» телеарнасы жүргізушілерге кастинг жариялайды
ашық дереккөзі
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасынан шығатын жобалар мен «Таңшолпан» таңғы ақпаратты-сазды бағдарламасының жүргізушілеріне кастинг жариялайды. Байқауға қазақ тілін жетік меңгерген 25-35 жас аралығындағы қыз-жігіттер қатыса алады. Үміткерлер өзі туралы мәліметтерді (түйіндеме, фотосурет, видео) 2021 жылғы 30 шілдеге дейін casting@qazaqstan.tv электронды поштасына жіберуі тиіс. Кастинг қатысушыларының телевизиялық тәжірибесі болуы қажет. Таңдау екі кезең бойынша жүргізіледі. Онлайн түрде өтетін алғашқы кезеңде үміткерлер жіберген мәліметтер толық қаралады. Іріктеуден өткендер тамыз айында екінші кезеңге шақырту алып, арнайы құрылған шығармашылық топ алдында бақ сынайды. Қосымша сұрақтар бойынша: +7 702 181 92 91.