Жаңа қаулы: «Құрбан айт» онлайн режимде ғана өтеді

Жаңа қаулы: «Құрбан айт» онлайн режимде ғана өтеді

Жаңа қаулы: «Құрбан айт» онлайн режимде ғана өтеді
ашық дереккөзі
Ақмола облысында 15 шілдеден бастап карантиндік шектеулер күшейтіледі. Өңірдің бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, облыстағы діни орындарда ғибадат жасау үшін ғимарат ішінде әр адамға 4 шаршы метр аумақ қамтамасыз етіліп, адам санын 30-дан асырмай, маскалық режимді сақтай отырып рұқсат берілетіні айтылған. «Құрбан айт» мерекесін атап өту іс-шаралары тек онлайн режимде іске асырылсын», - деп жазылған қаулыда. Сондай-ақ, өңірде қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысына, сондай-ақ үй ішінде отбасылық той-жиын мен еске алу шараларын өткізуге салынған тыйым жалғасатыны айтылған. Парктерге, алаңдарға, скверлерге және халықтың басқа да демалыс орындарына үш адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелерімен әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, жеке қорғану құралдарын пайдалану арқылы баруға рұқсат етіледі. «Аудандар мен Көкшетау, Степногорск қалаларының әкімдеріне көпшілік іс-шараларды, отбасылық іс-шараларды және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды, оның ішінде үйде, сондай-ақ ашық ауада өткізуге тыйым салуды қамтамасыз ету тапсырылады», - деп жазылған құжатта. Ойын-сауық мекемелерінің (түнгі, ойын клубтары және басқалары), букмекерлік кеңселердің және ересектер мен балаларға арналған басқа да ойын-сауық мекемелерінің, кальян мекемелерінің, оның ішінде қоғамдық тамақтану объектілері жанындағы мекемелердің қызметіне тыйым салынады. Ал Ashyq жобасына қатыспайтын орындарда көрмелер, марафондар, мерекелік корпоративтер, еске алу өткізуге де тыйым салынады. Ashyq жүйесіне кірмеген облысаралық, облысішілік, қалалық тұрақты және тұрақты емес автобус тасымалдаушыларға туристерді тасуы, ойын алаңдары, аттракциондар мен жабық үй-жайлардағы батуттар қызметі эпидемиологиялық ахуал тұрақтанғанша тоқтатылатын болды. Бильярд, караоке, компьютерлік клубтар, банкет залдары, боулинг клубтары, мәдени нысандар, кинотеатрлар, театрлар, концерт залдары, филармония мекемелері, жабық жағажайлар және аквапарктер де қызметін уақытша тоқтатпақ. Ал спорттық іс-шаралар көрерменсіз ғана өткізілуі керек. Қаулы 15 шілде күні сағат 00-ден бастап күшіне енеді.