- COVID-19-ға қарсы вакцинациялауды алмаған жұмыскерге қашықтықтан жұмыс нысанына көшуді ұсынуға (мұндай мүмкіндік болған жағдайда) құқылы;
- Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 48-бабының 1-тармағына сәйкес қашықтан жұмыс істеуден бас тартқан не жұмысты орындау мүмкіндігі болмаған кезде жалақысы сақталмай шеттетіледі. Бұл ретте, жұмыс беруші уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындау үшін басқа қызметкерді қабылдауға құқылы болады.
- жұмысты қашықтан орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда және қызметкер жұмысты күндізгі режимде жүзеге асыруға тілек білдірсе, қызметкер өз есебінен міндетті ПТР-тестілеуден (7 күнде 1 рет) өтуі қажет.
Вакцина алмаған қызметкер қандай жағдайда жұмыстан босатылады - министр
Вакцина алмаған қызметкер қандай жағдайда жұмыстан босатылады - министр
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов COVID-19 инфекциясына қарсы вакцина алмаған қызметкер қандай жағдайда жұмыстан шеттетілетінін түсіндірді.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 77-бабына сәйкес кез келген медициналық рәсім, оның ішінде вакцинация екпе алушының келісімімен ғана жүргізіледі. ҚР заңнамасында вакцинациядан бас тартқаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылмаған», - деп жазылған министрдің жауабында.
Ведомство басшысы Қазақстан аумағына инфекциялық және паразиттік аурулардың әкелінуі және ел аумағына таралу қаупі төнген жағдайда, Денсаулық кодексінің 104-бабы 1-тармағы бойынша ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Еуразия экономикалық одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін ҚР Мемлекеттік шекарасының өткізу пунктілерінде шектеу шараларын, оның ішінде карантин енгізетінін ескерткен. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында кәсіпкерлік және өзге де қызмет днысандары, халықтың өмір сүру қалыбы ерекше ережелерге бағындырылатыны айтылған.
«Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитар дәрігері тиісті қаулылар қабылдайды. Бас мемлекеттік санитар дәрігердің №67 қаулысында көрсетілген ұйымдардың/объектілердің COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-мен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) қызметкерлері үшін күндізгі режимде жұмысқа жіберілуіне шектеу енгізілді», - дейді Серік Шәпкенов.
Аталған қаулының 6-1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың вакцина алмаған қызметкерлері 7 күнде бір рет ПТР-тес тапсырып тұруға міндеттелген.
Осыған байланысты, жұмыс беруші: