Қонақ үйде газ жарылып, екі адам мерт болды

Қонақ үйде газ жарылып, екі адам мерт болды

Қонақ үйде газ жарылып, екі адам мерт болды
ашық дереккөзі
Ресейде Геленджик қонақ үйінде газ жарылды, – деп жазды ТАСС агенттігі. Краснодар қаласының жедел қызметінің мәліметінше, жарылыс салдарынан екі адам қаза тапқан. ТЖМ баспасөз қызметі Советская көшесіндегі қонақ үйде болған жағдай туралы хабарлады. «Ресейдің ТЖМ бірінші бөлімшесі оқиға орнына келгенде жарылыс болған жерде бірінші қабаттың әйнектері мен ішкі құрылымдары зақымдалғаны анықталды. Үйінділерді тазалау жұмысы жүріп жатыр. 50 адам эвакуацияланды. Алдын ала ақпарат бойынша, зардап шеккендер бар», - деді ведомствода. Оқыс жағдай қаланың орталық бөлігінде орналасқан төрт қабатты қонақ үйде болған. Әлеуметтік желілерде таралған фотосуреттер мен бейнероликтерде жарылыстан кейін ғимараттың фрагменттері жолдың жүру бөлігіне шашырап, ғимараттың жанында тұрған көліктер бүлінгені көрінеді.