Атырауда таксистерді қорқытып, ақша алып отырған діни ағымдағылар ұсталды

Атырауда таксистерді қорқытып, ақша алып отырған діни ағымдағылар ұсталды

Атырауда таксистерді қорқытып, ақша алып отырған діни ағымдағылар ұсталды
ашық дереккөзі
Атырауда деструктивті діни ағым өкілдері ұсталды, – деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті. 5 шілдеде ҰҚК Атырау облысы бойынша департаменті прокуратурамен және облыстық полиция департаментімен бірлесіп, спорттық орта өкілдері мен деструктивті діни ағымды ұстанушылардан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топтың заңға қайшы әрекетінің жолын кесті.  width= Топқа қатысушылар ұзақ уақыт бойы бағдарлық такси жүргізушілерін («Атырау-Орал-Атырау») күш қолданамыз деп қорқытып, ақшалай қаражат бопсалаған. ҰҚТ-ның 4 белсенді қатысушысы ұсталды. Фигуранттардың және олардың жақын байланыстарының тұрғылықты жерінен 3 әртүрлі қару мен оларға оқ-дәрі, сондай-ақ олардың қылмыстық әрекетін растайтын құжаттық материалдар (чектер, журналдар, банк карточкалары) табылып, алынды.  width= Осы факт бойынша ҚР ҚК 194-бабының 2-бөлігі (бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Топ жетекшісі тергеу изоляторына қамалды, қалғандары ешқайда кетпеу туралы міндеттеме алды. Тергеу шаралары жалғасуда.