Атырауда таксистерді қорқытып, ақша алып отырған діни ағымдағылар ұсталды

Атырауда деструктивті діни ағым өкілдері ұсталды, – деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

5 шілдеде ҰҚК Атырау облысы бойынша департаменті прокуратурамен және облыстық полиция департаментімен бірлесіп, спорттық орта өкілдері мен деструктивті діни ағымды ұстанушылардан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топтың заңға қайшы әрекетінің жолын кесті.

d3cc1de7 daa8 42bc 8b15 82935ee49d99

Топқа қатысушылар ұзақ уақыт бойы бағдарлық такси жүргізушілерін («Атырау-Орал-Атырау») күш қолданамыз деп қорқытып, ақшалай қаражат бопсалаған.

ҰҚТ-ның 4 белсенді қатысушысы ұсталды.

Фигуранттардың және олардың жақын байланыстарының тұрғылықты жерінен 3 әртүрлі қару мен оларға оқ-дәрі, сондай-ақ олардың қылмыстық әрекетін растайтын құжаттық материалдар (чектер, журналдар, банк карточкалары) табылып, алынды.

1349da06 0449 41f1 a4a1 2a6dd3085809

Осы факт бойынша ҚР ҚК 194-бабының 2-бөлігі (бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Топ жетекшісі тергеу изоляторына қамалды, қалғандары ешқайда кетпеу туралы міндеттеме алды.

Тергеу шаралары жалғасуда.

 

Back to top button