Елімізде картоп пен сәбіз қашан арзандайды – министр жауап берді

Елімізде картоп пен сәбіз қашан арзандайды – министр жауап берді

Елімізде картоп пен сәбіз қашан арзандайды – министр жауап берді
ашық дереккөзі
Сауда және интеграциялар министрі Бақыт Сұлтанов картоп пен сәбіз бағасына қатысты болжам айтты. «Сәбіз мәселесіне келсек, көршілес Өзбекстанда да осындай проблема болды. Шын мәнінде, бізде қалыптасқан бағаның бір бөлігі біздің импорттауымыздан пайда болды, өйткені көрші Өзбекстан да, көрші Ресей Федерациясы да сұраныс тудырды. Қазіргі уақытта картоптың бағасы өзгергенін және арзандап жатқанын көріп отырмыз. Күзде де айтарлықтай бірнеше есеге төмендейді деп күтеміз», - деді Сауда министрі. Оның айтуынша, сәбіз бойынша да осындай жағдай байқалады. «Бірақ биыл сәбіз бойынша өнім жетіспеушілігі барлық жерде байқалады, оған егіс алқаптарының қысқаруы себеп болды», - деп толықтырды Бақыт Сұлтанов.