«Қызыл аймақтағы» өңірлерде автобус тоқтайды

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ел аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Елдегі эпидахуалдың нашарлауына байланысты ведомствоаралық комиссия қызыл аймақтағы өңірлерде карантин шектеулерін күшейту ережелерін қабылдады:

«Ashyq» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, қалааралық, облысішілік, қалалық тұрақты және тұрақты емес (туристік) автобус және шағын автобус тасымалдарына;
жабық жағажайлар мен су парктерінің қызметіне тыйым салынады.

Демалыс және мереке күндері («Ashyq» жобасына қатысушыларды қоспағанда),

қоғамдық тамақтану объектілері;
фитнес-орталықтар, фитнес-клубтар, йога-орталықтар, спорттық-сауықтыру объектілері, сауналар, СПА-орталықтар, бассейндер;
кинотеатрлар, театрлар, концерт залдары, филармониялар, компьютерлік клубтар, боулингтер, бильярд, караоке, көрмелер;
ашық базарларды, жәрмеңкелерді қоспағанда, ауданы 2000 м2 дейінгі азық-түлік емес тауарларды өткізу жөніндегі объектілер;
спорт объектілері (спорт кешендерін, спорт мектептерін, спорт клубтарын, жаттығу залдарын);
білім беру орталықтары, балалар мен ересектерге арналған үйірмелер, балаларды даму орталықтары;
фудкорттар жұмыс істемейді.

Back to top button