Ақсудағы қанды оқиға: Күдікті ұсталды

Ақсудағы қанды оқиға: Күдікті ұсталды

Ақсудағы қанды оқиға: Күдікті ұсталды
ашық дереккөзі

Полиция қызметкерлері әйел адам мен оның кәмелетке толмаған балаларын аяусыз өлтіруі мүмкін күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, заттай дәлелдемелер мен қылмыс құралы тәркіленген.
- Тергеу бкезінде полиция күдіктінің әйелмен таныс екенін анықтады. 11  шілдеде түнгі сағат 03.00 шамасында олардың арасында жанжал шығып, 36 жастағы қала тұрғыны 35 жастағы әйелге бірнеше пышақ жарақатын салған. Шу кезінде  балалар оянып кеткен. Ер адам оларды да бірнеше рет пышақпен жарақаттаған, - дейді департаментте.
Күдікті Ақсу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу Қазақстан Республикасы ҚК 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағы және 99-бабы 3-бөлігі бойынша жүргізілуде. Еске сала кетейік,12 шілде күні сағат 11.40-та Ақсу қаласының полиция бөлімінің кезекші бөліміне Әуезов көшесіндегі пәтерде пышақ жарақаты түріндегі зорлық-зомбылық белгілері бар әйел мен оның 7 және 5 жастағы кәмелетке толмаған балалары табылғаны туралы хабарлама түскен.