Головкин жеңіліп көрмеген әлем чемпионымен жекпе-жекке шығудан бас тартты

Головкин жеңіліп көрмеген әлем чемпионымен жекпе-жекке шығудан бас тартты

Головкин жеңіліп көрмеген әлем чемпионымен жекпе-жекке шығудан бас тартты
ашық дереккөзі

The Athletic инсайдері Лэнс Пагмайрдың ақпараты бойынша, IBF/IBO орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) WBO титулының иегері Деметриус Андрадемен (30-0, 18 КО) бірлескен жекпе-жек өткізуге мүдделі емес, деп жазады Sports.kz.

Бұған дейін сол дереккөз Головкиннің Сауль "Канело" Альвареспен қыркүйек айында үшінші жекпе-жек өткізуге келісім бергенін айтқан, бірақ бұл ұсыныстың қаншалықты нақты болғандығы әлі белгісіз.