13 шілде: тарихи сәттер мен елеулі оқиғалар

13 шілде: тарихи сәттер мен елеулі оқиғалар

13 шілде: тарихи сәттер мен елеулі оқиғалар
ашық дереккөзі
1992 жылы осы күні Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетін (ҰҚК) құру туралы Жарлығы шықты. 1995 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Алматы қаласында Тәуелсіздік ескерткішін орнату туралы» қаулысы жарық көріп, сәулетші Шота Уәлиханов басқаратын авторлар тобы әзірлеген жоба мақұлданды. 2001 жылы Алматыда Орталық Азиядағы Penal Reform International (Халықаралық түрме реформасы) өкілдігі тіркелді. 2007 жылы Қарағандының бұрынғы Наркомхоз ғимаратына Қазақ КСР еңбек сіңірген шахтері, мемлекет қайраткері Файзолла Серғазинге арналған мемориалдық тақта орнатылды. Файзолла Серғазин (1910-1971) Мәскеу тау-кен институтын, Көмір өнеркәсіп академиясын бітірген соң, көп жылдар бойы Қарағандының көмір бассейнінде қызмет атқарды. Өндірісте қызмет атқарып, ғылыми жұмыспен айналысты. СССР екі орденімен, бес медалімен, СССР Жоғарғы Кеңесінің бес Құрмет грамотасымен, ІІ дәрежелі «Шахтер даңқы» белгісімен марапатталған. 2009 жылы ҚР Елшілігі Венгриядағы халықаралық Шығыс халықтары фестивалінің құрметті төрағасы болды. 2017 жылы Астанада ҚР Қарулы Күштерінің әскери-тарихи музейінің залында «Алтын адамның» көшірмесі, Жамбыл Жабаевтың домбырасы мен жеке заттары, Балпық бидің дулығасы және өзге де ерекше экспонаттар қойылды. Көрме барысында экскурсия жетекшілері келген қонақтарға қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде көрме жәдігерлерінің тарихы жайында айтты. Мәселен, XVIII ғасырда жекпе-жектерде Балпық би киген дулығасын оның ұрпақтары ұзақ уақыт бойы сақтап келіп, 1980 жылдардың аяғында музейге сыйға тартқан. Ал 1930 жылдары Өзбекстанның жас әрі талантты суретшісі жыр алыбы Жамбылға мулине жіптерінен өрілген ақынның жеке портретін тарту еткен. 2017 жылы әскери журналистердің алғашқы түлектері Абылай хан атындағы Қазақстан халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін бітіріп шықты. Бұрын Қазақстанда ондай мамандықтың өзі болған жоқ. Әскери журналистерді дайындау үшін 2015 жылы алғаш рет әскери кафедраға студенттер қабылданды. Оқу барысында студенттер экстремалды және әскери журналистиканың, халықаралық гуманитарлық құқық негіздерін меңгеріп, әскери терминология туралы мағлұмат алды. 2018 жылы Павлодар облысының Усоль шағын ауданында ұлттық музыка өнерінің көрнекті өкілі, белгілі композитор Майра Шамсутдинованың мүсіні қойылды. Қолында сырнай аспабын ұстаған Майра Шамсутдинованың мүсіні таза қоладан құйылған. Ескерткіштің биіктігі - 3,5 метр, ал салмағы - 270 кг. Туындының авторы белгілі мүсінші Азат Баярлин болды. Ал жобаға тапсырыс берген - Павлодардың құрметті азаматы Қуат Есімханов. 2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 12:00-де коронавирус пандемиясының құрбаны болған азаматтарды еске алудың жалпыұлттық аза тұту күнінде бүкіл елде үнсіздік минуты жарияланды.