Жаңалықтар

40 адамның өмірін қиды: Иракта коронавируспен ауырғандар жатқан аурухана өртенді

ашық дереккөзі

40 адамның өмірін қиды: Иракта коронавируспен ауырғандар жатқан аурухана өртенді

Ирактың Дхи-Кар провинциясындағы Насирия қаласында коронавирусқа шалдыққан науқастар жатқан ауруханада өрт болып, кем дегенде 30 адам қаза тапты, 70 адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Имам Хуссейн ауруханасында өрттің шығуына оттегі баллонының жарылуы себеп болған. Бұл - Иракта коронавирус жұқтырған науқастарға арналған медициналық мекемеде болған алғашқы оқиға емес. 24 сәуірде Бағдадтағы Ибн әл-Хатиб ауруханасындағы өрттің салдарынан 82 адам қаза тауып, кем дегенде 110 адам жарақат алған еді.