Қытайлық мамандар ыстықта адам денесін салқындататын мата ойлап тапты

Қытайлық мамандар ыстықта адам денесін салқындататын мата ойлап тапты

Қытайлық мамандар ыстықта адам денесін салқындататын мата ойлап тапты
ашық дереккөзі

Қытайлық мамандар қарапайым матаға ұқсас, бірақ күн сәулесін шағылыстыратын және адам денесін салқындататын ақ мата ойлап тапты.

Ол титан диоксиді, синтетикалық қосылыстар және полимол қышқылынан жасалған. Сонымен қатар бұл мата адам денесіндегі жылуды да сіңіріп алады. Мамандар бір жағы салқындататын матадан, ал екінші жағы қарапайым матадан жасалған киім тігіп, тәжірибе де жасап көрген. Бір сағаттан кейін киімді киген адамның дене қызуы өлшенді. Салқындататын  мата жай матаға қарағанда 5 градусқа салқындатқаны белгілі болды. Мата аданың жылуын өзіне сіңіріп, оны қоршаған ортаға таратады.