Еліміздегі колонияларға 3,7 миллиард теңгеге камера орнатылады. Бұл туралы ІІМ ҚАЖК басқармасының бастығы Бибігүл Мұңайтпасова мәлімдеді, деп хабарлайды Aibat ақпараттық қызметі.
Бибігүл Мұңайтпасова биыл түзеу жүйесінің 29 мекемесіне камера орнатуға 3 миллиард 704 мың теңге жұмсау жоспарланып отырғанын айтты. Солайша, 2023 жылға дейін барлық колонияларға бақылау орнатылады.
"Бұл қаражат бейнекамераларға ғана емес, басқа элементтерге де бөлінді: тіркеушілер, коммутаторлар, басқару серверлері. Сонымен қатар, қызметкерлерге арналған бейнетіркегіштерді жабдықтау да осы ақшаға жасалмақ", - деп атап өтті ҚАЖ басқармасының бастығы Бибігүл Мұңайтпасова.