Түркістан облысынан Маңғыстауға 70 тоннадан астам мал азығы жөнелтілді

Жетісайлықтар тағы да қосымша 60 тонна мал азығын жөнелтпек

Түркістан облысынан Маңғыстауға 70 тоннадан астам мал азығы жөнелтілді.

Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Түркістан облысы Жетісай ауданының шаруалары «Біз біргеміз» акциясы аясында 74 тонна пресс шөпті маңғыстаулықтарға жөнелтті.
whatsapp image 2021 07 12 at 10.43.13 1 1
Сондай-ақ, жетісайлықтар тағы да қосымша 60 тонна мал азығын жөнелтпек. Айта кетерлігі, былтыр ғана топан судан зардап шеккен Мақтаарал ауданы Өргебас ауылының шаруалары да бір вагон жем-шөп тиеп қиындық көріп жатқан шаруаларға жіберген.
Back to top button