Жаңалықтар

NEET санатындағы жастармен TEDx форматындағы кездесу өтті

ашық дереккөзі

NEET санатындағы жастармен TEDx форматындағы кездесу өтті

"Білім беру процесіне және жұмыспен қамтуға тартылмаған жастармен" (NEET санаты) TEDx форматындағы кездесу өтті. Іс - шараның спикерлері ретінде, Л.Гончаров атындағы ҚазАЖА тәрбие ісі жөніндегі проректоры Бекбол Разаман, «SRM Media Productions» негізін қалаушы Болат Срымов және HR маманы Жанна Абдукаримова сөз сөйледі. Кездесу барысында бүгінгі күні еңбек нарығындағы қажетті мамандықтар және жастар өзін-өзі қай салаларда белсенді дамытуы керектігітуралы; Арт, PR және медиа-менеджмент және олардың жұмысқа орналасудағы рөлі туралы; жастарды кәсіпкерлік қызметке оқыту, кәсіпкердің қажетті дағдылары және т. б. жайында сөз болды. TEDx форматындағы кездесу NEET санатындағы жастар арасында қарым-қатынасты ынталандыру және идеяларды тарату мақсатында Алматы қаласының Орталық демалыс паркінде ашық аспан астында, барлық санитарлық талаптарға сәйкес өтті. Жоба "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Батыс Қазақстан облысы бойынша "Болашақ" Корпоративтік қорымен "Jas Otan" Жастар Қанатымен бірлесіп жүзеге асырып жатыр.