«Бастау бизнес» жобасына кезекті өтінім қабылдау басталды

«Бастау бизнес» жобасына кезекті өтінім қабылдау басталды

«Бастау бизнес» жобасына кезекті өтінім қабылдау басталды
ашық дереккөзі
Бұл лекте 5 214 адам кәсіпкерлік білім негіздерін оқиды. Бес жыл ішінде 151 мың қазақстандық кәсіпкерлік білім алды, деп хабарлайды informburo.kz Төртінші лекте республика бойынша 5 214 өтінім қабылдау жоспарланған. Қазақстандықтар оқуға онлайн өтінім жібере алады. «Атамекен» ҰКП өтінімді тек Жұмыспен қамту орталығы берген жолдама және жеке куәлікпен қабылдайды. Ал жолдаманы беру тәртібін азаматтар өз өңіріндегі Жұмыспен қамту орталығынан біле алады. Сондай-ақ, тыңдаушылар үшін Ұлттық палатаның 1432 колл-орталығы жұмыс істейді.
Жобаға өтінімді қалай жіберуге болады? Оқуға өтініштерді Atameken Academy платформасындағы coсайтында бересіз; Сайтқа тіркелген соң, курстар бөліміне өтіп, Bastau business ашасыз; Өтініш беру үшін ЭЦҚ кілті арқылы кіріп, оқу шарттарымен танысу қажет; Қол қойылғаннан кейін оқыту кілтін таңдайсыз; Содан кейін ақпаратты толықтырасыз; Сұралған ақпаратты толықтырғаннан кейін өзіңіздің жеке куәлігіңізді jpg немесе pdf форматында жүктейсіз; Кейін өтінімді толтырған соң мәртебеңіз сайтта көрсетіледі.