Түнімен іздеген: Семейде өзен жағасында жоғалып кеткен 8 жастағы қыз табылды

Семейде Ертіс өзенінің жағасында жоғалып кеткен қыз табылды, деп хабарлайды sputnik.kz.

Қыз бала таңертең әкесімен бірге өзенге кеткен. Белгілі болғандай, әкесі белгісіз біреулермен ішімдік ішкен. Бала қараусыз қалған.

Бала жоғалғаны туралы хабарламаны алғаннан кейін қалалық полиция бөлімінің жеке құрамы мен ұлттық ұлан сарбаздары оны іздеуге кіріскен.

Іздеу жұмыстары түнімен жалғасқан, ертеңінде қыз сол күні өзен жағасында болған әйелдің пәтерінен табылды. Қазір баланың жағдайы жақсы, ол анасымен бірге.

Back to top button