Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасын қабылдады
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шиппті қабылдады, – деп хабарлайды Ақорда. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жоғары сот кеңесінің биылғы жартыжылдықта атқарған жұмысының қорытындысы мен алдағы кезеңге арналған жоспары туралы баяндалды. Сонымен қатар Президентке әкімшілік әділет соттарының кадрлармен қамтамасыз етілуі жөнінде мәлімет берілді. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Денис Шиппке сот корпусын одан әрі жаңғыртуға және сот жүйесіне мейлінше сауатты әрі құзыретті мамандарды тартуға септігін тигізуі тиіс бірқатар міндет жүктеді.