Сарыағашта шекараны заңсыз кесіп өткен 2 шетел азаматы ұсталды

Сарыағашта шекараны заңсыз кесіп өткен 2 шетел азаматы ұсталды

Сарыағашта шекараны заңсыз кесіп өткен 2 шетел азаматы ұсталды
ашық дереккөзі
Түркістан облысында Қазақстан аумағына заңсыз кіріп кеткен шетелдіктер ұсталды. Сарыағашта полиция қызметкерлері Жібек жолы ауылында орналасқан айналма тасжол арқылы ҚР аумағына заңсыз кіріп кеткен Өзбекстанның 2 азаматын анықтады. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК 392-бабы («Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту») бойынша тіркеді. Полиция қызметкерлерінің жүргізген жедел-профилактикалық шараларының нәтижесінде аталған азаматтар Алматы қаласында жұмыс жасау мақсатында жүргені белгілі болды. Олар Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі таңда күдіктілер қамауға алынып, аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүріп жатыр.