Футбол: «Барселона» түлегі «Қайратқа» ауысты

Футбол: «Барселона» түлегі «Қайратқа» ауысты

Футбол: «Барселона» түлегі «Қайратқа» ауысты
ашық дереккөзі
Испаниялық «Барселона» түлегі, камерундық қорғаушы Маки Баньяк «Қайратқа» алынды. «Қайрат» футбол клубы мәлім еткеніндей, М.Баньякпен 2023 жылдың желтоқсанына дейінгі мерзімге келісімшартқа қол қойылды. Маки Франк Баньяк Муэньи 1995 жылы 7 маусымда Яундеде (Камерун) дүниеге келген. Орталық қорғаушы. Спорттық жолын 2012 жылы «Барселона Б» құрамында бастап, каталониялық клубтың жүйесінде 8 жыл болды, 2016 жылдан «Нант», «Сарагоса», аустриялық «Адмира» командасында доп тепті. 2018 жылы словениялық «Олимпия» (Любляны) клубына ауысып, онда екі маусым бойы ойнады. Содан кейін «Партизан» (Белград) клубымен келісімшартқа қол қойды. М.Баньяк барлығы 139 матчта 3 гол соқты. Камерун құрамасы сапында 4 кездесу өткізді.