12 шілде: атаулы күндер мен маңызды оқиғалар күнтізбесі

12 шілде: атаулы күндер мен маңызды оқиғалар күнтізбесі

12 шілде: атаулы күндер мен маңызды оқиғалар күнтізбесі
ашық дереккөзі
1925 жылы 12 шілдеде Қазақстан Жазушылар одағы құрылды. Оның алғашқы басшылары – Сәкен Сейфуллин мен Бейімбет Майлин. Одақ құрамында проза, поэзия, драматургия, сын, көркем аударма, очерк, сатира, фантастика, балалар әдебиеті, орыс, неміс, корей, ұйғыр әдебиеті жөніндегі шығармашылық кеңестер жұмыс істеді. 1925 жылы Қазақстан Жазушылар одағының он шақты ғана мүшесі болса, қазіргі уақытта 900-ге жуық мүшесі бар. Қазақстанның 11 облысы мен Астана қаласында бөлімшелері бар. 1925 жылы А.В. Затаевичтің «Қазақ халқының 1000 әні» жинағы баспадан шықты. 1960 жылы Қазақ ССР Мәдениет министрлігінің №125 бұйрығымен Жамбыл атындағы мемлекеттік филармонияның эстрада секторы негізінде «Қазақконцерт» Қазақ мемлекеттік гастрольді-концерттік бірлестігі құрылды. 2006 жылы «Қазақ әуендері» АҚ филиалы – «Қазақконцерт концерттік бірлестігі» болып өзгертілді. 1993 жылы Алматыда Түркия, Әзербайжан, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Түрікменстан елдерінің бастамасымен ТҮРКСОЙ Халықаралық мәдени ұйымы құрылды. Бұл елдер ұйымды құрушы мемлекеттер болып есептеледі. Сәл кейінірек ұжымдық шартқа бақылаушы ел ретінде Татарстан, Башқұртстан, Солтүстік Кипр, Хакасия, Гагауз, Тыва қосылды. Аталмыш ұйым түркітілдес халықтардың арасындағы рухани байланыстарды жаңғырту мақсатында құрылды. 2007 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақтөбе облысы бойынша департаментінің ғимаратына генерал-майор Балғабай Байжігітовті еске алуға арналған мемориалды тақта орнатылды. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрметті қызметкері болған Балғабай Байжігітов Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан, қатардағы жауынгерден генерал-майор шеніне дейін көтерілген, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің облыстық органдарының басшысы болған. Ол Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасын 1970-1985 жылдары басқарған. І дәрежелі Отан соғысы, «Қызыл Жұлдыз» орденімен, екі рет «Мемлекет қауіпсіздігінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталған. 2012 жылы Оңтүстік Корея, Қытай, Қазақстан және Өзбекстанды жалғайтын контейнерлік пойыздардың жаңа бағыты іске қосылды. Бағыт Оңтүстік Кореядан бастау алып, Циндао (Шаньдун провинциясы) қытай портына келеді. Қазақстан-Қытай шекарасындағы «Алашанькоу-Достык» өткелінен өтіп, Аблық станциясына (Өзбекстан) жетеді. Жаңа халықаралық контейнерлік бағыт «ҚТЖ» ҰК» АҚ және «Қазтранссервис» қатысуымен ұйымдастырылған. 2012 жылы «ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» бағдарламасының халықаралық үйлестіру кеңесі (ХҮК) Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығын ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік биосфералық резерваттар желісіне енгізді. Астананың оңтүстік-батысына қарай 130 шақырым жерде орналасқан Қорғалжын қорығы - әлем картасында айрықша орын алатын сулы да нулы аймақ. Қорық көлемі 259,9 мың гектар жерді алып жатса, оның 198 мың гектары акваторий саналады. 2014 жылы Павлодарда әйгілі Батыр Баянға (1710/15-1757) арналған ескерткіш ашылды. 2015 жылы Санкт-Петербургте қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлының денесін іздеу және тарихи Отанына қайтару туралы қоғамдық қозғалыс құрылды. Бұл бағыттағы алғашқы қадамдардың бірі «Кенесары. Соңғы ханға барар жол» атты дееркті кинозерттеу болды. Ол ресейлік режиссер Александр Кащенконың және Айжан Кеңестің жетекшілігімен түсірілді. Картинаның негізі ретінде 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі алынған. Түсірілім тобы Кенесары ханның ізімен жүреді: аңызға айналған ханның тағдырына зерттеу жүргізеді. 2017 жылы ірі көлемді әрі әйгілі жол нұсқаушы Lonely Planet басылымы туристер міндетті түрде баруы керек Азиядағы үздік 10 қаланың тізіміне Астананы қосты. Басылым сарапшылары Астананы 5-орынға орналастырды. Lonelyplanet.com сайты Қазақстанның бас қаласын өзінің биік ғимараттарымен, кең алаңдарымен және қалың шыныдан жасалған пирамидасымен танымал екенін атап өтіп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың футуристік көрінісінің келбеті деп баға берді. 2017 жылы Грузияның Батуми қаласында шахматтан «Batumi Municipality Cup-2017» III халықаралық турнир өтті. Онда жас қазақстандық шахматшы Нұрманова Алуа бірінші орын иеленді. 2018 жылы ҚХР Шэньси провинциясы Сиань қаласында «Ұлы Дала мұрасы: зергерлік өнер туындылары» көрмесі мен «Қасиетті Қазақстан» фотокөрмесі ашылды. 2018 жылы танымал қазақстандық әнші Роза Рымбаеваның атаулы жұлдызы Витебск қаласындағы Жұлдыздар алаңына қойылды.