Вакцина алғандар арасындағы ұтыс ойынының жеңімпаздары анықталды

Вакцина алғандар арасындағы ұтыс ойынының жеңімпаздары анықталды

Вакцина алғандар арасындағы ұтыс ойынының жеңімпаздары анықталды
ашық дереккөзі
Павлодарда коронавирусқа қарсы вакцина алып, 1,5 млн теңге ұтқандар анықталды. Ұтыс кәсіпкер Нұргүл Айғожинаның Instagram-аккаунтында тікелей эфирде өтті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. COVID-19 вакцинасын алған жеті мың павлодарлық Нұргүл Айғожина мен оның достары ұсынған екі үлкен ұтысқа үміткер болды. Жеңімпаздарды  лототроннан талонды кездейсоқ таңдау арқылы pretty_women_pvl парақшасында тікелей эфирде анықтады. Лототроннан шыққан бірінші купонның иесі Павлодарда болған жоқ. Бұл ұтыс ойынының басты шарттарының бірі болды. Яғни, жарты сағат ішінде жеке куәлікпен және ұтыс купонының түбіртегімен   келуі тиіс еді.
- Лототронды қалай бұратынымыз, купондарды қалай алып, жеңімпаздарға ақшаны қалай табыстайтынымыз ашық болуы тиіс, - деді Нұргүл Айғожина.
Басқа екі павлодарлық тез келді. Музафар Әлімбаев атындағы мектеп мұғалімі Елена Танковаға бір миллион теңге табыс етілді. Ол 9 шілдеде вакцина алған. 1,5 млн тенге разыграли среди вакцинированных от коронавируса в Павлодаре "Спутник V" вакцинасының алғашқы компонентін алған әйелдің айтуынша, ол аздап ауырған, бірақ қазір өзін жақсы сезінеді.
- Мұндай сәттілікке бірден сенбедім, қалжын шығар деп ойладым, - дейді әйел. - Таксимен тез келіп, ақшалай сыйлық алдым. Барлығын вакцина алуға шақырамын. Менің отбасым COVID-19-мен ауырды, біз бұл аурудың қаншалықты қауіпті екенін білеміз.
Нұргүл Айғожина 34 жастағы Марат Темірбаевқа  да 500 мың теңге табыс етті. Ер адам "Спутник V" екпесінің бірінші компонентін 8 шілдеде алған. Нұргүл Айғожина эстафетаны әріптесі Жамила Ерназароваға табыстады. Кәсіпкер 1 млн теңге ұтыс қояды.
- Мен де шетте қалмай, біздің бизнесмендердің челленджін қолдауға шешім қабылдадым, - деді Жәмила Ерназарова. – Жаңа байқау 2021 жылдың 12-18 шілде аралығында өтеді.
Ұтыс шарттарын zhamilya_ernazarova Instagram-парақшасынан табуға болады. Естеріңізге сала кетейік, вакцина алған павлодарлықтар арасында ресторатор және шоумен Айдар Құрымбаев ұйымдастырған ұтыста бір млн теңгенің алғашқы иегері облыс орталығының тұрғыны Анастасия Гринченко болды. Пилоттық ұтыс ойынында еріктілер төрт мың купон жинады. Қатысушылардың бұрынғы шарты - 12-18 шілде аралығында коронавирусқа қарсы егу және купонды толтыру. Жеңімпаз 18 шілде күні сағат 19:00-де анықталады. Фото: Нұргүл Айғожина ұсынды