Қызыл кітапқа енген өсімдікті шекарадан алып өтпек болды

Қызыл кітапқа енген өсімдікті шекарадан алып өтпек болды

Қызыл кітапқа енген өсімдікті шекарадан алып өтпек болды
ашық дереккөзі

ҚР ҰҚК ШҚ Алматы облысы бойынша департаменті Қарасай аудандық басқармасының  әскери қызметшілері «Е» және «З» есімді екі ҚР азаматын ұстады, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

Олардың автокөлігін тексеру барысында жүксалғыштарынан 30 қапқа салынған жалпы салмағы 300 келіге жуық «қызылтамыр» өсімдігі табылды.

«Е» және «З» тұтқындау кезінде қарсылық көрсетті және жасырынбақ болды, алайда шекарашылар жасағының  шебер іс-қимылдарының арқасында ойлары жүзеге аспады.

Сол күннің кешінде шекараға жақын шатқалда дәл осы басқарманың шекара жасағы «Көлсай көлдері» Мемлекеттік ұлттық табиғи парктің қызметкерлерімен бірге ҚР бес азаматын ұстады.

Автокөлікті тексеру барысында жалпы салмағы шамамен 150 кг болатын «қызылтамыр» өсімдігі салынған бес қап табылды.

Барлық заң бұзушылар мен алынған заттай айғақтар процессуалдық шешімдерді іске асыру және қабылдау үшін уәкілетті органдарға берілді.

Қызылтамыр (Macrotomia euchroma (Royle) Pauls) - көпжылдық шөп тектес өсімдік. Медицинада жалпы улану кезіндегі қызбаға қарсы, терідегі қара-күлгін бөртпелер және т.б. емдеуге қолданылады. Өкінішке орай, қызылтамырдың тіршілік ету ортасы кең таралмаған және күннен күнге азаюда, сол себепті өсімдік ҚР Қызыл кітабына енгізілген. Оның жиналуы мен айналымы заңмен қатаң реттелген. Бір кездері өсімдіктің тамыры мата бояу үшін қолданылған.