Қазақстанда тағы бір өңір "қызыл аймаққа" енді

Қазақстанда тағы бір өңір "қызыл аймаққа" енді

Қазақстанда тағы бір өңір "қызыл аймаққа" енді
ашық дереккөзі
11 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметі. «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстары. «Сары» аймақта: Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Жасыл» аймақта: Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары.