Жалғас Жұмағұлов америкалық қарсыласын бірінші раундта тізе бүктірді

Жалғас Жұмағұлов америкалық қарсыласын бірінші раундта тізе бүктірді

Жалғас Жұмағұлов америкалық қарсыласын бірінші раундта тізе бүктірді
ашық дереккөзі
Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (13-5) UFC-дегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Sports.kz сайты. Ол Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ) өткен UFC 264 турнирінде америкалық Джером Риверамен (10-5) айқасты. Ең жеңіл салмақтағы жекпе-жек үш раундқа жоспарланған еді, алайда Жұмағұлов бірінші раундта қарсыласын тізе бүктірді. Осылайша, Жалғас Жұмағұлов үшін бұл жеңіс кәсіби мансабындағы он төртінші және UFC-дегі бірінші жеңісі болып отыр. Промоушндегі алдыңғы екі ойында төрешілердің бірауыз шешімімен бразилиялық Раулиан Пайвадан (20-3) және швед Амир Альбазиден (14-1) жеңіліп қалды. Джером Ривераға келетін болсақ, ол мансабында алтыншы рет және UFC-де үшінші рет жеңіліп отыр – ол промоушндегі үш айқаста да жеңіліс тапты.