«Нұр-Мүбарак» мешітінің қарауылы бала зорлады деген ақпаратқа қатысты имам пікір білдірді

Белгілі дінтанушы ғалым, «Нұр-Мүбарак» мешітінің имамы Қайрат Жолдыбайұлы заңгер Айман Омарова таратқан  «Мешіттің қарауылы бала зорлады» деген ақпаратқа қатысты Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында пікір білдірді. 

Ол әлі анық-қанығына көз жеткізілмеген ақпаратты таратып, мешіт қызметкерлерін кінәлауға болмайтынын, сонымен қатар, бұл ақпарат расталып жатқан кездің өзінде, мешіт пен «Нұр-Мүбарак» университетінің және жатақхана ғимараттарын арнайы жалданған күзет компаниясы қарауылдайтындықтан олардың мешітке тікелей қатысы жоқ екенін айтты.

Back to top button