Халықты жұмыспен қамтуға қосымша 200 млрд теңге бөлінді - Ұлттық банк төрағасы

Халықты жұмыспен қамтуға қосымша 200 млрд теңге бөлінді - Ұлттық банк төрағасы

Халықты жұмыспен қамтуға қосымша 200 млрд теңге бөлінді - Ұлттық банк төрағасы
ашық дереккөзі
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев ұлттық төлем жүйесін цифрландырудың қалай жүріп жатқаны туралы баяндады. «Макроэкономикалық дамуды қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық банк биылғы бірінші жартыжылдықта ішкі нарықтағы тұрақтылықты қамтамасыз етті. Сіздің тапсырмаңыз бойынша «Жұмыспен қамту-2021» жол картасын іске асыруға қосымша 200 млрд теңге бөлінді», - деген Ерболат Досаев цифрлық теңге енгізу жөнінде пилоттық жоба дайындалып жатқанын атады.

«Ұлттық қор мен зейнеттік қор активтері бойынша оң кірістер қамтамасыз етілді. Қаржы секторын цифрландыру бойынша белсенді жұмыс жалғастырылуда. Сіздің тапсырмаңыз бойынша құрылатын ұлттық төлем жүйесінің цифрлық теңгені енгізу жөніндегі пилоттық жобаның дайындалуы оның маңызды құрамдас бөліктері болып табылады.