N-S радиосына жаңа басшы тағайындалды

N-S радиосына жаңа басшы тағайындалды

N-S радиосына жаңа басшы тағайындалды
ашық дереккөзі
NUR Media холдингінің N-S радиостанциясы ұжымына жаңа басшы таныстырылды. Жаңа басшы – белгілі медиаменеджер Ербол Бегімбетов. Ербол Бегімбетов 1985 жылы туған. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың психология факультетін тәмамдаған. Медиа саласында тәжірибесі мол. Республикалық телеарналарда: «Алматы» арнасында бағдарламалық директор, Qazaqstan және «31 арна» телеарналарында медиа-талдаушы болып жұмыс істеді. Е.Бегімбетов N-S радиосының бас директоры лауазымына тағайындалғанға дейін «Астана» телеарнасының бағдарламалық директоры болып жұмыс істеді. Үш тілді: қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген. NUR Media холдингі Бас директордың орынбасары Жанат Маметова Радиостанция ұжымына жаңа басшыны таныстыра отырып, «Ербол Бегімбетовтің тағайындалуы N-S радиостанциясының одан әрі дамуына жаңа серпін беретінін» атап өтті. Сонымен қатар, радионың бұрынғы басшысы Әсел Балғаеваға «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбектің радионы дамытуға қосқан зор үлесі мен сіңірген еңбегі жөнінде алғыс хаты табыс етілді.