Биыл елімізде 480 ауыл жаңғыртылады - А.Мамин

10 шілде, 2021 / Гафура Асқарқызы
ашық дереккөзі
Биыл елімізде 480 ауыл жаңғыртылады - А.Мамин Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин биыл еліміздегі 480 ауыл жаңғыртылатынын айтты.
«Ауылдық жерлерде тұрмыс сапасын жақсарту мақсатында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 2021 жылы 480 ауыл жаңғыртылады. 106 млрд теңгеге 1 140 жоба іске асырылады», - деді Премьер-Министр.

Асқар Маминнің айтуынша, жобалардың басым бөлігі Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында жоспарланып отыр.