Биыл елімізде 480 ауыл жаңғыртылады – А.Мамин

Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин биыл еліміздегі 480 ауыл жаңғыртылатынын айтты.

«Ауылдық жерлерде тұрмыс сапасын жақсарту мақсатында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 2021 жылы 480 ауыл жаңғыртылады. 106 млрд теңгеге 1 140 жоба іске асырылады», – деді Премьер-Министр.

Асқар Маминнің айтуынша, жобалардың басым бөлігі Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында жоспарланып отыр.

Back to top button