Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды

Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды

Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды. Бейнебайланыс режимінде өтіп жатқан ел Үкіметінің кеңейтілген отырысына Министрлер кабинетінің барлық мүшелері, облыстардың, республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері қатысуда. Жиын барысында еліміздің биылғы жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланбақ. Сондай-ақ Қазақстан Президенті пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономиканы дамытудың міндеттерін белгілеп береді деп күтілуде. Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Мемлекет басшысы төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы осы жылдың 26 қаңтарында өткен болатын. Онда елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылғы қорытындылары мен алдағы жоспары талқыланған еді.