Індетке және шектеу іс-шараларына қарамастан ел экономикасы 2,2 пайызға өсті – Қасым-Жомарт Тоқаев

Басты мақсат – экономиканы үдету және халықтың әл-ауқатын арттыру. Бұл туралы Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Басты мақсат – экономиканы үдету және халықтың әл-ауқатын арттыру. Індетке және шектеу іс-шараларына қарамастан ел экономикасы жарты жылдың ішінде 2,2 пайызға өсті. Бұл қуантарлық жайт. Былтыр пандемияның салдарынан ішкі жалпы өнім 2,6 пайызға төмендеді. Біз оны тезірек қалпына келтіруіміз керек», – деді Үкіметтің кеңейтілген отырысын ашқан Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының дағдарысқа қарсы іс-шаралардың және карантиндік шектеулердің төмендеуіне байланысты іскерлік белсенділік қалпына келді.

«Біздің міндетіміз – екінші жартыжылдықта экономика өсімі қарқынын арттыру», – деп атап өтті ҚР Президенті.

Back to top button