Жаңалықтар

Індетке және шектеу іс-шараларына қарамастан ел экономикасы 2,2 пайызға өсті - Қасым-Жомарт Тоқаев

ашық дереккөзі

Індетке және шектеу іс-шараларына қарамастан ел экономикасы 2,2 пайызға өсті - Қасым-Жомарт Тоқаев

Басты мақсат - экономиканы үдету және халықтың әл-ауқатын арттыру. Бұл туралы Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. «Басты мақсат - экономиканы үдету және халықтың әл-ауқатын арттыру. Індетке және шектеу іс-шараларына қарамастан ел экономикасы жарты жылдың ішінде 2,2 пайызға өсті. Бұл қуантарлық жайт. Былтыр пандемияның салдарынан ішкі жалпы өнім 2,6 пайызға төмендеді. Біз оны тезірек қалпына келтіруіміз керек», - деді Үкіметтің кеңейтілген отырысын ашқан Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысының дағдарысқа қарсы іс-шаралардың және карантиндік шектеулердің төмендеуіне байланысты іскерлік белсенділік қалпына келді. «Біздің міндетіміз - екінші жартыжылдықта экономика өсімі қарқынын арттыру», - деп атап өтті ҚР Президенті.