«Nur Otan»: Депутаттар Ақтөбе облысындағы балаларға арналған алаңдардың құрылысымен танысты

«Nur Otan»: Депутаттар Ақтөбе облысындағы балаларға арналған алаңдардың құрылысымен танысты

«Nur Otan»: Депутаттар Ақтөбе облысындағы балаларға арналған алаңдардың құрылысымен танысты
ашық дереккөзі
Мәжіліс депутаттары, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері Ғалымжан Елеуов, Аманғали Бердалин, Зүлфия Сүлейменова облыстық мәслихаттағы әріптестерімен бірге Ақтөбе облысының Алға ауданында салынып жатырған жалдамалы коммуналдық тұрын үйлердің құрылысын бақылады.  Олар тұрғын үй сапасы мен әсіресе жетім балаларға қолжетімділігін арттыруға ерекше көңіл бөлуді көздеп отыр. «Nur Otan» партиясының Сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасы негізінде Алға қаласынан ауданы 3,5 мың шаршы метр 3 бес қабатты 60 пәтерлі жалға беру-коммуналдық тұрғын үйлер салу көзделген болатын. Қазір  2 үй салынып жатыр. Бірінші үйдің қабырғалары өткен жылы көтеріле бастады, оған республикалық бюджеттен 256,3 млн. тенге, облыстық бюджеттен 26,3 млн.тенге қаражат бөлінді. Бүгінде құрылыс-монтаж жұмыстарына қосымша Ұлттық қордан 134 071,5 мың теңге, облыстық бюджеттен 43 885,0 мың тенге бөлінді. Құрылыс жұмыстарына 67 адам тартылды. Тұрғын үйдің құрылысын қыркүйек айында аяқтау жоспарланып отыр. Екінші үйдің іргетасы сәуір айында қаланды, дегенмен жұмысты жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Оған ұлттық қордан 460,309 млн. тенге, облыстық бюджеттен 108,960 млн. теңге қаражат бөлінді. Мұнда 35 адам жұмыс істейді. Құрылысшылардың  барлығы нысанды тапсыру мерзімін сақтау жауапкершілігін жақсы түсінеді. Өйткені бұл үйлердің құрылысы халықтың әлеуметтік осал топтарынан 120 отбасын қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазір Алға қаласында 21 000 –ға жуық адам тұрады. 1610  адам тұрғын үй кезегіне тіркелген. Тұрғын үйге сұраныс соңғы 4 жыл ішінде 610 адамға артып отыр. Іссапар барысында партияның Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, фракция жетекшісі Ербол Данағұлов нұротандық депутаттарды партияның Жол картасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Мәжіліс депутаты Зүлфия Сүлейменованың айтуынша, жалға берілетін коммуналдық тұрғын үйдің құрылысы, өзі жұмыс тобына мүшелік ететін балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заң жобасының Мәжіліс қабырғасында талқыланып жатқан контекстінде өзекті болып отыр. Атап айтқанда, заң жобасында ерекше қажеттіліктері бар балалардың, жетім балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйге құқығын қамтамасыз етуге бағытталған нормалар көзделген. Көпбалалы аналарды тұрғын үймен қамтамасыз ету де балалардың тұрғын үйге құқықтарын қорғауға жанама ықпал етеді. Сондықтан бұл нысан ерекше маңызды. Парламентшілер қабылданған заңнамалық жаңалықтар туралы айтып, сайлауалды бағдарламалардың жергілікті жерлерде қалай орындалатынын, өңірлердің өндірістік, ауыл шаруашылығы әлеуетін арттыру үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын, халықтың әлеуметтік мәселелері қалай шешілетінін талдады. Мәжіліс депутаты Аманғали Бердалин жұмыспен қамту Жол картасы бойынша қаржыландыру аясында облысқа 5,6 млрд. теңге лимит жеткізілгенін айтты. Оның шеңберінде әлеуметтік нысандар құрылысы бойынша 16 жобаның тізбесі қалыптастырылып, онда 1182 жұмысын құру жоспарланды. Сондай-ақ  8,4 млрд. теңге мөлшеріндегі қосымша лимит нәтижесінде қаржы институттары арқылы шағын және орта бизнеске микрокредит беру бойынша «Атамекен» аймақтық кәсіпкерлер палатасымен және «Ақтөбе ӘКК» АҚ-мен бірлесіп құрылған микроқұрылым ұйымдарын қаржыландыру жоспарлануда. Жұмыс сапары кезінде халық қалаулылары Ақтөбе-Қандыағаш жолы және Алға қаласындағы балалар алаңдарының құрылысымен танысты. Сондай-ақ «Nur Otan» партиясы филиалында азаматтарды қабылдады.