Еліміздегі екі жоғарғы оқу орны бас лицензиясынан айырылды

Еліміздегі екі жоғарғы оқу орны бас лицензиясынан айырылды

Еліміздегі екі жоғарғы оқу орны бас лицензиясынан айырылды
ашық дереккөзі

Шымкент қаласындағы "Орда" (бұрынғы Silkway халықаралық университеті) мен "Мирас" университеттері бас лицензиясынан айырылды.

Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы бақылау басқармасының басшысы Эльвира Сапарбекованың айтуынша, 2020 жылы "Орда" және "Мирас" университеттерін тексеру барысында білім саласындағы заңнаманы өрескел бұзу фактілері анықталған. Екі жоғары оқу орнының қызметі тоқтатылған, бірақ олқылықты түзетуге уақыт берілген. Алайда жоғары оқу орындары қателіктерін түзетудің орнына 8 ай комитеттің лицензияны тоқтата тұру туралы шешіміне шағымданған. Бірақ соңында сот комитеттің шешімін өз күшінде қалдыру туралы шешім қабылдады. Ал университеттің көптеген шағымдары қанағаттандырылмады. Енді Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 1 шілдедегі шешімімен аталған екі жоғары оқу орны бас лицензиясынан айырылды.
"Осы жылдың мамыр айында қайта тексеру қорытындысы бойынша қателіктермен жұмыс жүргізілмегені анықталды. Ең басты мәселе кадрларды даярлау сапасында болды. Мысалы, "Орда" Университетінде оқитындардың 97%-ы шекті балдан өте алмады және оқу процесінде алынған білім мен құзыреттердің жеткілікті деңгейін растай алмады. Екі ЖОО-да кестеге сәйкес жаппай сабақ өткізбеу фактілері анықталды. Ағымдағы бағалар қойылмаған, бекітілген кестеге сәйкес емтихандар өткізілмеген, пәндер толық көлемде оқытылмаған. Тиісті 5 кредиттің орнына тек 3 кредит игерілді. Барлық пән оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз етілмеген. Оқытушылардың бекітілген педагогикалық жүктемесі мен оның нақты орындалуы арасында үлкен айырмашылықтар бар, яғни оқытушыда жүктемеде белгілі бір пән бойынша дәріс оқу жоспарлануы мүмкін, ал іс жүзінде ол оны оқымайды", – дейді Сапарбекова.
Бұған дейін тәуелсіз білім сапасын қамтамасыз ету агенттігі де осы жоғары оқу орындарын аккредиттеуді тоқтатқан еді. Сондықтан бұл университеттер түлектерге диплом бере алмайды. Диплом алу және оқуды аяқтау үшін студенттер басқа университеттерге ауыса алады.